Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ Х ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

28.03.2024

Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде мектеп оқушыларының Х пәндік олимпиадасының екінші туры өтті. Білім сайысына Павлодар облысына қарасты ауыл және қала мектептерінің оқушылары қатысып, жалпы 9 пән бойынша сынға түсті. Олимпиада басталар алдында Марғұлан университеті кәсіби бағдар беру бөлімінің басшысы Гүлнәр Мұсанова оқушылармен кездесіп, аталмыш олимпиаданың тарихы және тапсыру ережесі мен талаптары туралы ақпарат берді.
Оқушылар олимпиадасының басты мақсаты – болашақта педагогикалық мамандықтарды таңдаған оқушыларды қолдау. Атап айтқанда, әр пән бойынша бірінші орын алған оқушыларға тегін грант берілсе, екінші орын алған балаларға 50 пайыз жеңілдік сертификаты беріледі. Ал үшінші орын алған оқушылар 25 пайыздық жеңілдік алатын болады.
Кәсіби бағдар беру бөлімінің басшысы Гүлнәр Мұсанованың айтуынша, олимпиаданың нәтижесі университет сайтында жарияланады. Ал марапаттау рәсімі сәуір айына жоспарланған.