Перейти к содержимому страницы.

MARGULAN UNIVERSITY ЖӘНЕ BUCHEON UNIVERSITY (ПУЧХОНА УНИВЕРСИТЕТ, ОҢТҮСТІК КОРЕЯ) АРАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

25.04.2024

Марғұлан университетінің делегациясы Оңтүстік Кореяның Пучхон қаласында орналасқан Пучхон университетінде болды. Екі жақты келіссөздер нәтижесінде екі жоғары оқу орны арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Margulan University делегациясы сапарының мақсаты – екі университет арасындағы халықаралық тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін белгілеуге бағытталған келісім жасасу болды.

Сапар барысында екі университет басшылығы ынтымақтастықтың алдағы перспективаларын талқылады. Екі университет студенттермен, оқытушылармен және ғылыми қызметкерлермен алмасу сияқты салаларды дамытуға; жарияланымдар, мақалалар және ғылыми ақпараттармен алмасу; халықаралық алмасу бағдарламаларына қатысу туралы келісімдер жасалды.

Бірлескен жұмыстың нәтижесі ретінде Марғұлан университетінде «Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің академиялық алмасуы және кореялық әріптестердің студенттер мен мектеп оқушыларының киберқауіпсіздігі жөніндегі жобаға сарапшы ретінде қатысуы қамтамасыз етіледі.

Айта кетейік, Пучхон университеті 1958 жылы құрылған және 2015 жылдан 2023 жылға дейін кореялық сапа индексінде бірінші орынды иеленді. Ең бастысы, елге және қоғамға қызмет ететін дарынды адамдарды тәрбиелеуді жолға қойған. Қос ЖОО өкілдерін ел мен аймақ үшін ең үздік мамандарды дайындау мақсаты біріктіргенін атап өткен жөн.