"ЕРТІС ДАРЫНЫ" ПРЕМИЯСЫНЫҢ ЛАУРЕТАЫ АТАНДЫ
11.12.2020
Павлодар облыстық «Жасыл Ел» штабының жетекшісі, ППУ-дың «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының магистранты Абай Уахит «Қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша «Ертіс дарыны» сыйлығының лауреаты болды.
Павлодар облысында «Ертіс дарыны» сыйлығы осымен екінші жыл қатарынан 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға бірнеше номинация бойынша беріледі. Биыл ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, премияға қатысуға 200-ден астам өтінім келіп түскен.
Байқау нәтижесі бойынша 22 лауреат 500 мың теңге көлеміндегі сыйақы мен облыс әкімінің дипломы мен сертификаттарына ие болды.
Шара Жастар бастамаларын дамыту орталығында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай өтті.
ППУ Баспасөз қызметі