Перейти к содержимому страницы.

СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 130 ЖЫЛ

31.07.2023

Биыл әйгілі ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл. Ол жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ әдебиетінің өрісі кеңейіп, тынысының ашылуына үлкен екпін берген дара талант. Ақынның 130 жылдығы  Торайғыр ауылында  кең тойланды.

 Сұлтанмахмұт қазақ әдебиеті тарихындағы есімі дара аталатын ақындардың бірі. Құйрықты жұлдыздай жарқ еткен ғұмырын ұлт руханияты жолына сарп етті.

«Сұлтанмахмұттың жазып кеткен еңбектері, өлеңге ерте келуі ата-баларына да байланысты. Едіге би, Торайғыр бидің ұрпағы болғандықтан, олардың сөзі естімей өсті деуге болмайды. Содан күш-қуат энергия алған адамдардың біреуі Сұлтанмахмұт деп айтуымыз керек» - дейді ҚР Парламенті сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлы.

Алаш арыстарымен қанаттас жүріп еңбек етті. Шығармаларының негізгі өзегі демократиялық адами құндылықтарды көрсету болды. Ұлтының сол биікке көтерілуін аңсады.

Қазақты өрмелеп шығып күн болып, нұрымды төксем деген үлкен бір идеямен қыршын кеткен заңғар тұла. Міне, қасиетті Баян даласында, кесенесінің жанында келіп, дұға бағыштап зиярат етуге келіп отырмыз. Осындай ұлықты тұлғаларымызды ұлықтай алатын ұрпақ жасай берсін – деп тілек білдірді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Жарқынбек Амантайұлы.

Шара аясында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 1933 жылы жарыққа шыққан «Толық шығармалар жинағы» мен 1971 жылы оқырманға жол тартқан «Избранные» кітабы таныстырылды. Ал, Сұлтанмахмұт тойына арналып ұйымдастырылған этноауыл маңында концерттік бағдарламам мен көрме ұйымдастырылды. Жиынға қатысқан аймақ басшысы Асайын Байханов Киелі Ертіс-Баян өңірі қасиетті ұлы тұлғалардың қасиетті мекені. Тұла бойына дарыған, рухты алыптардың қатарында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың орны ерекше екендігін атап өтті.