Перейти к содержимому страницы.

Колледж

Павлодар педагогикалық университетінің колледжі 2006 жылы ашылды. 2019 жылғы 23 желтоқсандағы Ғылыми кеңестің шешімі (№2 хаттама) негізінде колледж «Павлодар педагогикалық университеті» КЕАҚ Мұсахан Қанапиянов атындағы Жоғары колледжі болып өзгертілді.

coll1

Павлодар облысының білім беру саласындағы бақылау департаментінің бұйрығы негізінде берілген білім беру қызметіне арналған лицензияға қосымша:

  • 0101000 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, біліктілік 0101013 Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі (2 жыл 10 ай);
  • 0103000 Дене тәрбиесі және спорт, біліктілік 0103023 Дене тәрбиесі мұғалімі (2 жыл 10 ай);
  • 0105000 Бастауыш білім беру, біліктілік 0105013 Бастауыш білім беру мұғалімі (2 жыл 10 ай);
  • 0111000 Негізгі орта білім беру, біліктілік 0111013 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі (2 жыл 10 ай);
  • 0111000 Негізгі орта білім беру, біліктілік  0111023 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі (2 жыл 10 ай);
  • 0111000 Негізгі орта білім беру, біліктілік 0111063 Математика мұғалімі (2 жыл 10 ай);
  • 0111000 Негізгі орта білім беру, біліктілік  0111083 Шетел тілі мұғалімі (2 жыл 10 ай);
  • 0108000 Музыкалық білім беру, біліктілік 0108013 Мектепке дейінгі және негізгі орта білім беру ұйымдарындағы музыка мұғалімі (2 жыл 10 ай).

Колледж базалық және кәсіби құзыреттіліктерді меңгерген педагогикалық сала үшін орта буын мамандарын даярлауды жүзеге асырады.

coll2

Педагогтардың саны – 37 адам, оның ішінде 4-еуі қосымша қызмет атқарушы педагог.

14 адам магистрлік дәрежеге ие. Сонымен қатар, 3 адам магистратурада оқуын жалғастыруда.

Біліктілік санаты барлар:

  • жоғары біліктілік санаты – 11 адам,
  • бірінші біліктілік санаты – 3 адам,
  • екінші біліктілік санаты – 3 адам.

Мұғалімдер үнемі біліктілікті арттыру курстарына, семинарларға қатысады.

Педагогикалық қызметкерлер оқу үрдісіндегі өзгерістерге сәйкес ғылыми-әдістемелік бағытта өз жұмыстарын жетілдіреді. Оқыту мен тәрбиелеудің заманауи технологияларын меңгеріп, өз ғылыми ұсыныстарын енгізіп, мақалалар жариялайды.

Колледждегі материалдық-техникалық база: оқу корпусы – 1, сабақ өткізуге арналған аудиториялар саны – 9, оның ішінде компьютерлік сыныптың саны – 1.

coll3

Қазіргі таңда колледждің жұмыс істеуі және оның білім беру қызметін жүзеге асыру процесінде заманауи материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстармен қамтамасыз етудің маңызы зор.

Компьютерлік сынып – оқу жоспарына сәйкес оқу пәндері бойынша сабақ өткізу үшін және білім алушылардың өзіндік жұмысын орындауы үшін пайдаланылады.

Білім беру процесін іске асырудың маңызды шарты – оны оқу-әдістемелікпен қамтамасыз ету.

Колледждің оқытушылар құрамы оқу процесінің қажеттілігін толық қанағаттандыратын оқу және оқу-әдістемелік құралдарын, ОӘК, әдістемелік нұсқауларды әзірлейді.

Оқу сабақтарын ұйымдастыру және өткізу үшін колледж ЖОО-ның материалдық-техникалық базасын пайдаланады.

coll3