Перейти к содержимому страницы.

Тарих кітапхана

Ғылыми кітапхана ресурстарға қолжетімділікті кеңейте және пайдаланушылар үшін қосымша мүмкіндіктер бере отырып, басқа кітапханалармен белсенді ынтымақтастық жасайды. Ынтымақтастық туралы жасалған шарттар:

1. «Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана» КЕАҚ Павлодар қаласының филиалы;

2. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;

3. КММ Павлодар қаласы «С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кiтапхана»

4. Инновациялық Еуразия Университеті;

5. КММ Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған облыстық арнайы кітапхана» 6. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

7. АҚ «О. А. Байқоңыров  атындағы Жезқазған университеті»

Кітапхананың негізгі ақпараттық ресурсы, ақпаратты алудың ыңғайлылығы мен жеделдігін қамтамасыз ететін электрондық каталог - іздестіру құралы болып табылады. Оқырмандар электронды каталогты тек кітапхана қабырғасында ғана емес, сонымен қатар, жоғары оқу орнының сайтындағы кітапхана бетіне, отандық және шетелдік дерекқорларға қашықтықтан қол жеткізе алады.

Кітапхананың оқырмандармен жұмыс істеудегі негізгі  бағыттарының бірі мәдени-бұқаралық іс-шаралар, ақпараттық және тақырыптық кітап және виртуалды көрмелер, әдебиетті қарау және шолу болып табылады. ҒК барлық бөлiмдерiнiң қызметкерлерi университеттiң ғылыми iс-шараларына: ғылыми-практикалық конференцияларға, семинарларға, факультеттер күндерiне, дөңгелек үстелдерге, тарихи және мерейтойлық орайластырылған жоғары оқу орындарының iс-шараларына тiкелей қатысады, ақпараттық қолдауды, тақырыптық кiтап көрмелерiн ресiмдеудi жүзеге асырады.

Кітапхананың ақпараттық-библиографиялық қызметі, оқырмандарға қызмет көрсетуге, кітапхананың анықтамалық-іздестіру аппаратын пайдалана отырып анықтамаларды орындауға, пайдаланушыларға каталогтағы іздеу бойынша кеңестер беруге, тақырыптық ақпаратты іріктеуге, нақтылаушы, фактографиялық, мекенжай анықтамаларын орындауға бағытталған.  Кітапханалардың ақпараттық жұмысы жеке, топтық және бұқаралық ақпарат режимінде жүргізіледі. Барлық ақпарат арналары - телефон, электрондық пошта, әлеуметтік желілер кеңінен пайдаланылады. Ақпаратты пайдаланушыларды уақтылы қамтамасыз ету үшін кітапхана жаңа әдебиеттің ақпараттық бюллетенін шығарады.

Ғылыми кітапхананың электрондық ресурстары (Web.ИРБИС) университет сайты арқылы қолжетімді. Пайдаланушыларға автоматтандырылған қызмет көрсету жергілікті және қашық режимде жүзеге асырылады. Пайдаланушылар электрондық каталогқа (ЭК) қол жеткізе алады; ғылыми кітапхананың толық мәтінді электрондық ресурстары.

ЖОО-ның білім алушылары, оқытушылары мен қызметкерлері қатарынан авторизацияланған пайдаланушы кітапхана қорындағы толық мәтінді құжаттарды қашықтықтан пайдалана алады. Барлық электрондық базалар тәулік бойы қолжетімді.

ППУ кітапханасы Республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхананың (РЖЭК), Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасының (ҚАЗНЭБ) ресурстарына, сондай-ақ электрондық каталогтар ұсынылған Web of Science, Springerlink, EBSCO, Scopuc шетелдік электрондық ресурстардың дерекқорына қол жеткізіп, оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың, ғылыми мақалалардың толық мәтінді дерекқоры. Бұл білім алушылар мен оқытушыларға ірі ұлттық, облыстық кітапханалардың қорындағы құжаттарды, мұрағат құжаттарын, сондай-ақ құжаттардың электрондық коллекциясын пайдалануға мүмкіндік береді.

Оқу және ғылыми үдерісті неғұрылым тиімді қамтамасыз ету мақстаында жоғары оқу орнының студенттері мен оқытушыларының оқу әдебиеттерімен кітаппен қамтамасыз етілуін арттыру үшін 2024- 2025 оқу жылына ЭБС «IPR SMART» - пен шарт жасалады.

Бүгін Әлкей Марғұлан атындағы Павлодарлық Педагогикалық Университеттің Е.Бекмаханов атындағы Ғылыми кітапханасы тек білім қоймасы ғана емес, сонымен қатар қазіргі студент оқытушының қажеттіліктері мен білім беру мен ғылыми қолданудың қоры. Осы кітапхана кітаптарға, ғылыми мақалаларға, мәліметтер базасына және мультимедиялық материалдарға қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы дәстүрлі ресурстар мен цифрлық технологияларды біріктіреді. Кітапхана білім беру бағдармаларын іске асыруда маңызды рөл атқарады, оқу мәдениетін, сыни ойлау мен зерттеу зерттеу дағдыларын дамытуға ықпал етіп, ыңғайлы және нәтижелі оқыту мен зерттеуге жағдай жасайды. Бұл болашақ мамандардың интеллектуалды негіздерді қалыптасатын және ғылыми жаңалықтар дамитын кеңістік.