Перейти к содержимому страницы.

"Foundation" бөлімі

Foundation бөліміне қабылдау

2024-2025 оқу жылына «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ Foundation бөліміне оқуға конкурстық негізде қабылдау үшін тіркеу жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын

 азаматтығы жоқ адамдар үшін

 

1-қадам 

 Тіркеу 

Тіркелу мерзімі: 2024 жылдың 5 тамызы мен 5 қыркүйегі аралығы.

Тіркелу үшін көрсетілген мерзімде қағаз түрінде Павлодар қаласы, Олжабай батыр көшесі 60, №1 оқу корпусы, 117 кабинетке немесе kense@pspu.kz электронды поштасы арқылы электронды түрде төмендегі құжаттарды бір хатпен жіберу қажет.

 Қажетті құжаттар тізімі: 

Ескерту: электронды түрде тіркелу кезінде өтінішті басып шығару, өз қолыңызбен толтыру, сканерлеу арқылы басқа құжаттармен бірге электронды поштаға жіберуіңіз қажет. Әр құжат жеке документ ретінде сканерленіп, өз атауымен PDF форматта сақталып, (мысалы ұлты қазақ анықтама, шетел паспорты т.б.) бір хатпен көрсетілген электронды поштаға жолдану қажет. 

2-қадам 

 Құжаттарды тексеру

Ұсынылған құжаттар талаптарға сәйкес дұрыс болған жағдайда тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттар тапсыруды тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштаға «Қабылданды» деген хабарлама жолданады. Ұсынылған құжаттар сәйкес келмесе, түсушіге құжаттарды тіркеуден бас тарту туралы хабарлама жіберіледі. Оқуға түсу үшін құжаттарды тіркеуден бас тарту туралы хабарлама алынғаннан бастап (бас тарту себебін түзетіп) үміткер конкурсқа қатысу үшін 5 қыркүйекке дейін қайта тіркелуіне болады. 

3-қадам 

 Қабылдау емтиханы

Конкурстық негізде қабылдау емтиханы: 2024 жылдың 10-15 қыркүйегі аралығында Әңгімелесу (сұхбат) түрінде офлайн немесе онлайн (ZOOM бағдарламасында) жүргізіледі.

 Мекенжай: Павлодар қаласы «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» КеАҚ, «Foundation бөлім», Олжабай батыр көшесі 60, №1 оқу корпусы, 117 кабинет.

Телефондар: +7 (7182) 55 55 05, +7 701 4070736

Пошта -  kense@pspu.kz

instagram - ppu_foundation