Перейти к содержимому страницы.

Кітапхана ережесі

АБОНЕМЕНТТІ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Абонементтен  әдебиеттер үйге мына мерзімдерге беріледі:

Егер оқырмандар жағынан материалдарға ұсыныс болмаса, басылымдарды пайдалану мерзімі ұзартылуы мүмкін, ал егер басылым бір даналы немесе жоғары сұраныста болса, қысқартылуы мүмкін.

Тапшы, аз даналы басылымдарды беру мерзімдері нақты жағдайда кітапханамен белгіленеді және мұндай басылымдар кітапхананың бірінші талабы бойынша қайтарылады.

Абонементке әдебиеттерге тапсырыс жасау және алу кезінде оқырмандар оқырман билетін (сырттай оқитын студенттер - сынақ кітапшасын) ұсынады, оқырман құжатын толтырады.

Кітап беру әр басылымның кітап формулярында (мерзімі, тобы, оқырман билетінің нөмірі, тегі, қолы). Басылымды қайтарған кезде, оқырманның қолхаты беру мерзімін сызып тастаумен жойылады. Кітап формуляры оқырманға басылымды беру және кітапханашының қабылдау мерзімін,  фактіні куәландыратын құжат болып табылады.

Топтық сабақтарда пайдалануға арналған әдебиеттер абонементте оқытушының жазбаша талабы бойынша беріледі және топтағы кезекші студенттің қолхатымен рәсімделеді. Топтық сабақтарға берілген әдебиеттер үшін оқытушы жауапкершілікте болады.

Сырттай оқитын студенттер сессия мерзіміне қажетті әдебиеттермен қамтамасыз етіледі.

 

ОҚУ ЗАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Оқу залдарынан кітаптарды беру бірыңғай студенттік билеттері, сырттай оқитын студенттерге сынақ кітапшасы бойынша жасалады.

Кітапты алған кезде әр басылымның кітап формулярында оқырман жазып ресімдейді.

Оқу залдарында берілетін кітаптардың, басқа да құжаттар мен материалдардың саны шектелмейді. Ұсыныстың біржолғы көтеріңкі кезінде кітаптардың саны шектеулі болуы мүмкін.

Оқу залдары әдебиеттерді залдан шығару құқығысыз пайдалануға береді.

Энциклопедиялар, анықтамалықтар, диссертациялар, ағымдағы мерзімді басылымдар, сирек кездесетін және құнды кітаптар мен басылымдар тек қана оқу залдарында жұмыс істеуге ғана беріледі. Үйге соңғы және жалғыз дана берілмейді

Оқу залдарына жеке және кітапхана кітаптарымен, журналдармен, газеттермен, баспа басылымдарының қиындыларымен және басқа баспа материалдарымен кіруге болмайды.

 Оқу залынан әдебиетті кітапханашының арнайы рұқсатысыз шығаруға тыйым салынады. Бұл ережені бұзған кезде, оқырман 1 айға кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады.

 

ЭЛЕКТРОНДЫ ҚОРЛАР ЗАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Электронды тасымалдаушылардағы құжаттарды пайдалану электронды қорлар залында жүзеге  асырылады. Қызмет бірыңғай оқырман билеті, сырттай оқитын студенттерге - сынақ кітапшасы бойынша көрсетіледі.

«ППУ электронды кітапханасы» тек оқуға ғана пайдаланылады, қандай да құралдарға кез келген түрдегі көшіруге тыйым салынады

Электронды басылымдардың оқу залында компьютерлермен жұмыс істеуі әкімші арқылы жасалады.

Кітапхана оқырмандарына оқу және зерттеу нысанының ақпаратын іздеуге байланысты емес кез келген қызметтіне компьютерлерді пайдалануға болмайды.

Электронды қорлар залдарында жеке электронды басылымдармен жұмыс істеуге болмайды.

 Тұтынушы электронды таратушыны немесе компьютердің шалғай құралдарын бүлдіргеніне материалдық жауапкершілікте болады.

 

ОҚЫРМАННЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Оқырман:

Оқырманға:

Оқырмандар:

 

КІТАПХАНАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

Кітапхана оқырмандарға Павлодар педагогикалық университетінің Ғылыми кітапханасы туралы ережеге және Ғылыми кітапхананы пайдалану ережесіне сәйкес қызмет көрсетеді.

Кітапхана:

Кітапхана:

 Кітапханадағы құжаттарға оқырмандардың кіру мүмкіндігін шектеуге болмайды.