МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ КӘСІБИ ДАМУ КУРСЫН АЯҚТАДЫ
19.12.2024
Марғұлан университетінің оқытушылары Ә.Жакиянова, Ә.Сүлейменова, Н.Ахтаева Назарбаев университетінің Жоғары білім беру мектебі ұйымдастырған «Academic Leadership Institute: Dean’s School» кәсіби даму бағдарламасын аяқтады. Бұл бағдарлама жоғары білім беру саласында нағыз көшбасшыларды дайындауға арналған. Бағдарламаның ерекшеліктері: 10 тереңдетілген модуль, оның ішінде шетелдіктермен тәжірибе алмасу мүмкіндігі. Отандық жоғары білім беру жүйесіндегі заманауи талаптарының өзекті мәселелері қамтылған: білім сапасын басқару және ғылыми зерттеуді жүргізу, стратегиялық жоспарлау, академиялық қызметті дамыту, инновациялар енгізу және институционалдық мәдениет қалыптастыру. Қатысушылар еліміздің 33 университетінен келген әріптестермен кәсіби байланыс орната алды.
Курс спикерлері ретінде Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Назарбаев университетінің президенті Ахмед Вакар, NU Білім беру жоғары мектебінің деканы Аида Сагинтаева және көптеген білікті мамандар қатысты.
Осындай ауқымды білім мен тәжірибе жинақтауға мүмкіндік бергені үшін Марғұлан университетінің және Назарбаев университетінің ұжымына ризашылық білдіреміз. Бұл бағдарлама жоғары оқу орындары басшыларының біліктілігін арттыруға, болашаққа батыл қадам жасауға және қазақстандық жоғары білімді әлемдік деңгейге көтеруді көздеген маңызды бастама болып табылады. Сондай-ақ жаңа перспективаларға бағыттап, болашақта жұмысымызға үлкен серпін берді.