ҒЫЛЫМИ ЖОБА ЖАЗУ ЕРЕКШЕЛІГІН ТҮСІНДІРДІ
18.12.2024
Марғұлан университеті Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Н.Е.Күзембаев және "Тарих" ББ студенттері Әділ Сұлтанов пен Богдан Руденко Павлодар қаласы №34 орта мектебінде өткен Тәуелсіздік күніне арналған шараға қатысты.
Баяндамашылар "Академик А. Х. Марғұланның ғылыми мұрасындағы Сарыарқа тарихы мен мәдениеті" жобасы аясында ғылыми жобаларды жазу мәселелерін баяндады. Жобаның ғылыми жетекшісі Н.Е.Күзембаев тыңдаушыларға марғұлантану бағыты бойынша жобаларды жазу ерекшелігін түсіндірді. Сонымен қатар, жиын барысында академик А.Х. Марғұланның өмірбаяны және оның Қазақстанның тарих ғылымындағы негізгі ғылыми жетістіктері туралы мол ақпарат берілді.