МУЗЕЙ КЕШЕНІ
Педагогикалық институттың мұражай кешені үшін алғашқы топтамалар 1975 жылдан бастап қалыптастырыла бастады. Облыс аумағында кездесетін жануарлардың биотоптары, сонымен қатар палеонтологиялық, археологиялық қазба олжалар мұражайдың кішігірім залында көрсетілген.
Алғашқы мұражай кешені 2001 жылға дейінқызмет етті. Оның негізінде 2002 жылы жаңа экспозиция жасалды. Оған дейінгі экспозицияларға 10 пайызға жуық экспонат енді, онда негізінен «Құс жолы» палеонтологиялық ескерткішінен олжалар мен жануарлардың тұлыптары болды. Мұражайдың экспозициялық ауданы біршама кеңейтілді, қазір ол 400 шаршы метрді құрап отыр.
ППУ-дің мұражай кешені 3 бөлімнен тұрады:
1. Минерология және петрография бөлімі
2. Палеонтология бөлімі
3. Зоология бөлімі
Мұражай кешені институттың ғылыми-зерттеушілік, мәдени-танымдық және тәрбиелік құрылымы, Қазақстан аймақтарының табиғи тарихын сақтаушы болып табылады.
Мұражай кешенінің негізгі мақсаты біліктілігі жоғары мамандарды, биологтарды, экологтарды, географтарды және тарихшыларды даярлауға атсалысу.
Мұражай кешені жұмысындағы негізгі бағыттарының бірі ғылыми, оқу және тарихи-мәдени құндылықтарды, сонымен қатар табиғатты қорғау маңызы болатын мұражай заттарын сақтауды қамтамасыз ету, зерттеу жинау болып табылады.
МИНЕРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕТРОГРАФИЯ БӨЛІМІ
Бұл бөлім Павлодар облысы жер бедерінің қалыптасу тарихымен таныстырады. Бұл арқылы өлкеміздің жер қыртысының сыртқы түрінің қалыптасуындағы геологиялық үрдістердің рөлін түсінуге болады. Жалпы экспозицияда тау жыныстардың және минералдардың 154 үлгісі көрсетілген, ал экспозицияға кірмеген үлгілер, мұражайдың сақтау қорында орналастырылған және геология зертаналық жұмыстарында қолданылады.
ПАЛЕОНТОЛОГИЯ БӨЛІМІ
Мұражайдың бұл бөлімі жердегі тіршіліктің даму кезеңдерімен таныстырады. Мұнда біздің алдымызда Жердің палеонтологиялық шежіресін ашатын жойылып кеткен ағзалардың әртүрлілігі, таңбалары, өсімдіктер мен жануарлардың тастанған қалдықтары көрсетілген.
ЗООЛОГИЯ БӨЛІМІ
Мұражайдың зоология бөлімінде Павлодар облысы фаунасының әртүрлілігі көрсетілген. Көптеген коллекцияларда біздің облысымызға тән барлық ландшафты зоналар: көлдер, жайылымдар, қыр, ормандар және оларды мекендеушілер көрсетілген.
Қызметкерлер
Музей қорының сақтаушысы: Абдрахманова Айгерим Оразбаевна
Байланыс
Телефон 65-16-70 (вн. 2-30)
Мекенжай улица Олжабай батыра көшесі, 60, № 1 оқу ғимараты
Аудитория 205
Кітапханашы: Турсунханов Куат Маратович
Байланыс
Телефон 65-16-70 (вн. 2-49)
Мекенжай улица Олжабай батыра көшесі, 60, № 1 оқу ғимараты