Перейти к содержимому страницы.

Видеостудия

ВИДЕОСТУДИЯ

Видеостудия Margulan University Баспасөз қызметінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Аталмыш бөлімше университеттің шығармашылық орталығы болып есептеледі. Университет имиджін қалыптастыру бағытындағы барлық жұмыстар, бейне жазбалар, аудио деректер, жаңалықтар сюжеті осы жерде әзірленеді. Университеттің тарихынан сыр шертетін фото және бейне деректер сақталған.

Видеостудияның негізгі міндеттері:

- университеттің қызметі туралы жұртшылықты ақпараттандыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, Жоспарлау және іске асыру;

- теле-және радио хабарларын, репортаждарды, электрондық бұқаралық ақпарат құралдарына арналған хабарларды дайындау;

-   университет ішілік барлық форматтағы материалдарды монтаждау;

-   бейне лекциялар түсіру, монтаждау;

-   фото және бейне мұрағатын қалыптастыру;

Айта кету керек, видеостудияның әлеуеті жоғары. Бұл жерде баспасөз орталығы қызметкерлерінен бөлек, студенттер де жұмыс жасай алады. Кез-келген уақытта алдын-ала әзірленген кесте бойынша келіп, бейне жазба түсіре алады.