Перейти к содержимому страницы.

Марғұлан университетінде мамандандырылған аккредиттеу шеңберінде сыртқы сарапшылық топ жұмыс істеуде

25.04.2024

2024 жылдың 25 сәуірі мен 27 сәуірі аралығында «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде» мамандандырылған аккредиттеу рәсімі аясында «ARQA» Білім сапасын аккредиттеу және сараптау жөніндегі тәуелсіз агенттігінің сыртқы сараптау тобы жұмыс істейді. Оқытудың барлық деңгейіндегі 32 білім беру бағдарламасы бойынша сыртқы бағалау жүргізіледі (6B01560 География, 6В01561 География – Тарих, 6B01610 Тарих, 6B01710 Қазақ тілі және әдебиеті, 6B01511 Математика – Физика, 6B01430 Музыкалық білім, 6B01110 Педагогика және психология, 6B01720 Орыс тілі және әжебиеті, 6B01521 Физика – Информатика, 6B01420 Дене шынықтыру және спорт, 6B01541 Химия-Биология, 6B01811 Әлеуметтік педагогика және білім берудегі педагогикалық қолдау, 7M01551 Биология, 7M01731 Шет тілдері: екі шет тілі, 7M01531 Информатика, 7M01611 Тарих, 7M01711 Қазақ тілі және әдебиеті, 7M01511 Математика, 7M01421 Музыкалық білім, 7M01211 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогикасы, 7M01311 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, 7M01721 Орыс тілі және әдебиеті, 7M01112 Педагогика және психология, 7M01521 Физика, 7M01411 дене шынықтыру және спорт, 7M01541 Химия, 8D01550 Биология, 8D01610 История, 8D01710 Қазақ тілі және әдебиеті, 8D01110 Педагогика және психология, 8D01720 Орыс тілі және әдебиеті, 8D01540 Химия).
Сапар бағдарламасына сәйкес сыртқы сараптау тобы (бұдан әрі – ССТ) университет басшылығымен, ЖОО декандарымен, университеттің құрылымдық бөлімшелерінің және білім беру бағдарламаларының жетекшілерімен, оқытушылармен, студенттермен және жұмыс берушілермен кездесул жоспарлады. Сонымен қатар оқытушылар мен студенттер арасында сауалнама жүргізіледі.

Жұмыс барысында комиссия мүшелері аккредиттелген білім беру бағдарламалары аясында оқу-әдістемелік құжаттаманы, университеттің материалдық-техникалық базасын зерделейді, оқу сабақтарына және студенттердің практикалық базаларына қатысады.