Перейти к содержимому страницы.

ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА УНИВЕРСИТЕТ ГРАНТЫ БЕРІЛДІ

06.05.2024

Бүгін орта мектеп оқушылары арасында өткен облыстық пән олимпиадасының жеңімпаздары анықталып, үздіктерге университет гранты мен жеңілдік сертификаттары тапсырылды. Грант иелерін марапаттау шарасына Марғұлан университеті басқарма төрағасы-ректор Жанбол Жилбаев, облыстық білім беру басқармасының басшысы Самал Оспанова және университет басқарма мүшелері қатысып, жеңімпаздарды құттықтады.

Білім сайысында жүзден жүйрік шыққан 42 оқушыға Марғұлан университетінің гранты мен 25 және 50 пайыздық жеңілдік берілді. Осы жолғы олимпиада қорытындысы бойынша 1 орын алған 15 балаға университет гранты, 13 оқушыға 50 пайыздық, 11 оқушыға 25 пайыздық жеңілдік сертификаттары табысталды.

Сонымен қатар, үшінші жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан 2 педагогикалық сынып оқушылары мен мұғалімдеріне де жеткен жетістіктері үшін Алғыс хатпен марапатталды.