Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН "ШЫҒЫС ДИВИЗИЯСЫ" ЛИГАСЫНА ҚАТЫСТЫ

24.04.2024

Өскемен қаласындағы С. Аманжолов атындағы ШҚУ-де жоғары оқу орын студенттері арасында тоғызқұмалақтан "Шығыс Дивизиясы" бойынша студенттік спорт лигасы өтті. Жарысқа 4 команда қатысты. Олар – Әлкей Марғұлан атындағы ППУ, Семей медициналық университет і, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ, С. Аманжолов атындағы ШҚУ. Мағқлан университетінің командасының құрамында 6 студент өнер көрсетті.
Жарыс нәтижесі бойынша қыздар командалары арасында 1-орынды Семей медициналық университеті жеңіп алса, 2-орын Марғұлан университетінің ойыншыларына бұйырды. Ал 3-орын С. Аманжолов атындағы ШҚУ. Ерлер командасы бойынша Марғұлан университетінің командасы жеңімпаз атанды. 2-орынды Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ студенттері, 3-орын С. Аманжолов атындағв ШҚУ студенттері еншіледі.

Жекелей есепте Марғұлан университетінің студенттері 6 медель жеңіп алды. Атап айтсақ, қыздар арасында 1 тақтада ойнаған Ж.Баилдяшева 1-орынды жеңіп алса, 2 тақтада А.Серікова 2-орынға ие болды. 3 тақтада ойнаған Д.Шымбай 3-орынды еншіледі. Ерлер арасында 1 тақтада 1 орын Е.Ауталипов, 2 тақтада 1 орын А.Жанбек, 3 тақтада 1 орын Қ.Асылхан болды. Сонымен қатар, Ж.Баилдяшева мен Е.Ауталипов «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды.