Перейти к содержимому страницы.

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА УНИВЕРСИТЕТ КУБОГЫНА АРНАЛҒАН ЖАРЫС БАСТАЛДЫ

27.03.2024

Марғұлан университетінде оқушылар арасында баскетболдан университет кубогына арналған турнир басталды. Жарысқа қала және облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары қатысып жатыр.

Финалдық ойындар 29 наурызда өтеді. Бас жүлде иегеріне Ә.Марғұлан Павлодар педагогикалық мемлекеттік университетінің кубогы беріледі.

Спорттық жарыстың мақсаты – талапкерлерді Марғұлан университетінің педагогикалық мамандықтарына оқуға тарту және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Кубоктан басқа үздік спортшылар әртүрлі номинациялар бойынша марапатталады.