Перейти к содержимому страницы.

"КҮМІС УНИВЕРСИТЕТІ" ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРІЛУДЕ

28.03.2024

"Күміс университеті" жобасы аясында Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті аға буын өкілдеріне өз біліктілігін арттыруға және заманауи талаптарға сәйкес дамуға бірегей мүмкіндіктер ұсынады. Қосымша білім беру институтының базасында оларға аптасына бір/екі рет қазақ, ағылшын тілдері, компьютерлік сауаттылық, бейнелеу өнері, йога, вокал курстарына тегін қатысуға мүмкіндік берілді. Университет профессорлары оларға салауатты өмір салты, ментальды денсаулық, психология және басқа да сұранысқа ие тақырыптар бойынша дәрістер оқиды.
Қазіргі уақытта күміс университетінің курстарында 85-тен астам адам оқиды. Заманауи коммуникативтік дағдыларын жетілдіруге мүдделі адамдар саны жыл сайын артып келеді.
Барлық бағыттағы бағдарламалар жас психологиясын және аға буын адамдарының қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып жасалған.