Перейти к содержимому страницы.

ТАҒЫ 26 ТАЛАПКЕР ГРАНТ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

23.08.2024

Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Кеше Астана қаласының әкімдігі бөлетін грант бойынша комиссия отырысы өтті.

Осымен 4 жыл қатарынан Астана қаласының әкімдігімен Марғұлан университеті тығыз серіктестік қарым-қатынас орнатып, нәтижелі жұмыс атқарып келеді. Биылғы жылы да, құжат тапсырған талапкерлер қатарынан тағы 26 талапкер грант иегері атанды.

Астана қаласы жергілікті атқарушы ұйымдарынан Математика, Арнайы педагогика, Көркем еңбек және графикалық дизайн білім беру бағдарламаларына бөлінген гранттар бойынша біздің университетімізге 26 талапкер оқуға түсті.

Заман ағымына қарай белгілі бір мамандықтарға сұраныс артып, кейбір мамандықтар тіпті қоғамның қажетіне жарамай жатады. Бұл – қалыпты құбылыс.

Комиссия мүшелерімен қазіргі нарықтағы маман тапшылығын, яғни сұраныстың орнын толтыру туралы қызу талқыладық. Алдағы уақытта жүзеге асыратын жұмыстар келісілді.