Перейти к содержимому страницы.

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА ҚАНЫШ СӘТПАЕВТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ тойланып жатыр.

16.08.2024

16 тамызда жерлесіміз, көрнекті ғалым Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығына арналған мерекелік шаралар басталды. Мерейтойлық шараларға Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті қатысуда.
Мерейтойлық шаралар Қаныш Сәтпаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Салтанатты шараға ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки, облыс әкімі Асайн Байханов, павлодарлық көрнекті ғалымдар, өнер және мәдениет қайраткерлері қатысты.
Бүгін Достық үйінде ұйымдастырылған «Академик Қ.И.Сәтпаев феномені: кеше мен бүгін» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Марғұлан университетінің басқарма төрағасы-ректорының м.а. Жанбол Жылбаев та қатысты.
Марғұлан университетінің делегациясы Баянауыл ауданына аттанды. Этноауыл орналасатын Мойылды трактіне университет қызметкерлері киіз үй тігіп, қонақтарды қарсы алуға дайындалуда. Мұнда ауқымды шаралар өтеді: екі күнге созылатын республикалық ақындар айтысы мен ұлттық спорт түрлерінен жарыстар басталады. Мереке қонақтары Сәтпаевтың туған жері Мұса Шорманов ауылында болады.