Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КЕЗЕКТІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

08.08.2024

Ағымдағы жылдың 7 тамызында университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі шаруашылық департаментінің қызметкерлері үшін ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын түсіндіру бойынша кезекті семинар ұйымдастырды.

Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік түрлері, сондай-ақ университет қызметкерлерінің корпоративтік этика кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын сақтауы талқыланды.  

Марғұлан университетінің Комплаенс-қызметі 87075665379 (Whatsapp қосымшасымен) нөмірі бойынша жұмыс істеп тұрған жедел желі туралы еске салады, онда ЖОО қызметкерлері, студенттер немесе кез келген басқа тұлғалар өздеріне ыңғайлы нысанда, оның ішінде құпиялылық не анонимдік шарттарында сыбайлас жемқорлық көріністерінің, мүдделер қақтығысының өздеріне белгілі болған фактілері, оқу орнының қызметкерлері немесе басшылығы тарапынан корпоративтік Әдеп кодексінің нормаларын бұзу туралы хабарлай алады.