Перейти к содержимому страницы.

МU ЖАС ҒАЛЫМДАРЫ «ҚАНЫШ Ізбасарлары» ГРАНТТАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ БОЛДЫ

16.08.2024

Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығын мерекелеу аясында геология бойынша «Қаныш Ізбасарлары» байқауында жеңімпаз атанған жас ғалымдарға жеті грантты табыстау рәсімі өтті.
Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің үш ғалымы: доцент Айтолқын Дүзелбаева, PhD докторы, доцент Қымбатша Мұхамедиева, PhD докторы, Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебінің аға оқытушысы Динара Шәкенева 1 миллион теңге грант алды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз, жоғары жетістіктер мен ғылыми жаңалықтар тілейміз!