Перейти к содержимому страницы.

ӨНЕР ЖӘНЕ СПОРТ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ ТАШКЕНТТЕ ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП ӨТКІЗДІ

26.03.2024

Марғұлан университеті «Дене шынықтыру және спорт», «Алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру» білім беру бағдарламаларының жетекшісі Медет Сырлыбаев академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университетіне (Өзбекстан) барды. Мақсаты  - қос университет арасында тиімді ынтымақтастық орнату және өзара тәжірибе алмасу.

Бір апта ішінде ол жоғары оқу орнының студенттері мен оқытушыларына өзі таңдаған спорт түрінің теориясы мен әдістемесі бойынша шеберлік сабақтарын өткізіп, осы білім беру бағдарламаларының озық әдістерімен және тәжірибелерімен таныстырды.

– Тәжірибе алмасу мұғалімдерге білімі мен біліктілігін арттыруға, басқа елдерде және университеттерде қолданылатын озық әдістемелермен танысуға мүмкіндік береді. Мұндай сапарлар оқытудың тиімділігін арттыруға, білім мен тәжірибенің ортақ базасын құруға көмектеседі, - дейді Медет Көшербайұлы.

Сонымен қатар, Марғұлан университетінің өкілі аталған сапар барысында Өзбекстан мемлекеттік дене шынықтыру және спорт университетінде болып, ондағы әріптестерінің жұмысымен де танысып, пікір алмасты.