Перейти к содержимому страницы.

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫНДА БОЛАШАҚ ҰСТАЗДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

14.10.2024

Марғұлан университетінің оқытушылары алдағы жылы бітіруші түлектер үшін кәсіби бағдар беру жұмысын қарқынды жүргізіп келеді. Жақында Тереңкөл ауданына кәсіби бағдар беру бөлімінің басшысы Г.Мұсанова, оқытушылар Г.Сағнаева, А.Даурбеков, Ш.Байжекина, А.Садықова барып, оқушылармен, мұғалімдермен кездесті. Кездесу барысында Ертіс-Баян өңірінің ұстаздар ордасы туралы, онда оқытылатын мамандықтар мен студенттер үшін жасалған жаңашылдықтар туралы мол мағлұмат берді.

-Тереңкөл ауданында болашақта мұғалім мамандығын таңдайтын оқушылар көп екен. Оның ішінде қазақ тілі, шет тілі, орыс тілі, дене тәрбиесі, педагогика-психология және бастауыш сынып мұғалімі мамандығына икемделіп жүргендер көп. Олардың барлығы болашақта Марғұлан университетін таңдап, осында білім алады деп сенеміз,-деді Г. Мұсанова.