Перейти к содержимому страницы.

«FOUNDATION» БӨЛІМІНІҢ ТЫҢДАУШЫЛАРЫ ҚАЛАНЫҢ КӨРІКТІ ЖЕРЛЕРІН ТАМАШАЛАДЫ

23.10.2024

Бүгін Марғұлан университеті «Foundation» бөлімінің тыңдаушылары Павлодар қаласының көрікті жерлеріне экскурсия жасады. Экскурсия «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» Павлодар облыстық филиалының басшысы Болат Зауытұлымен бірлесіп ұйымдастырылды. Дайындық тобының тыңдаушылары Ертіс өзенінің жағалауына және басқа да демалыс саябақтарына барды. «География» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Медет Қайыржанов гид қызметін атқарып, қаланың көрікті жерлерін таныстырып шықты.
-«Foundation» бөліміне қабылданған балаларға білім мен қатар, тәрбие жұмыстары да жиі ұйымдастырып тұрады. Тыңдаушылар өткен жұмада «Мұғалім» спектакліне де барып, қойылымды тамашалады. Сонымен қатар, басқа да мәдени шараларға белсенді қатысуда деді,-кәсіби бағдар беру бөлімінің басшысы Гүлнәр Мұсанова.
Айта кету керек, Марғұлан университеті осымен екінші жыл қатарынан шетелден келген қазақ балаларын жоғары оқу орындарына дайындауда. Биыл дайындық курсына 30 бала қабылданды, олар Моңғолия, Қытай елдерінен келген ұл-қыздар.