Перейти к содержимому страницы.

MU КОМАНДАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

21.10.2024

Mарғұлан университетінің командасы республикалық студенттер олимпиадасында III -орынға ие болды. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетінде 6B01201 "Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту" білім беру бағдарламасы бойынша "Мектепке дейінгі білім беру тәжірибесіндегі жаңа талаптар мен жетістіктер" атты XVI республикалық пәндік олимпиадасы өтті. Олимпиадаға Қазакстанның барлық ЖОО-нан студенттер қатысып, өз білімдерін көрсетті.

Олимптадаға Марғұлан университетінің командасы да қатысып, III орынға ие болды. Жарысқа «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» ББ 3 курс студенттері қатысты. Орын алған студенттер 35000 теңге көлемінде ақшалай сертификатпен марапатталды.

Бұл университет үшін үлкен мақтаныш болып табылады. Барша жүлдегерлерді құттықтаймыз.