Перейти к содержимому страницы.

«ТАРИХ ТАПҚЫРЛАРЫ» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ

24.10.2024

2024 жылдың 24 қазан күні «Тарих» білім беру бағдарламасының Тарих апталығы аясында «Тарих тапқырлары» зияткерлік ойыны өткізілді. Іс-шараға «Тарих», "Тарих және ағылшын тілі" білім беру бағдарламаларының 1-2 курс студенттерінен құралған "Алаш", "1465", "Алашорда" топтары қатысты.
Ойын тапсырламалары тарихи сарында ұйымдастырылды. Нәтижесінде жүлделі 1 орынды МТ-11 топ студенттерінен құралған «Алаш» тобы иеленсе, 2 орынға МТ-21 мен МТ-23 топ студенттерінен құралған "1465" тобы ие болды. Сонымен қатар, 3 орынға ТА-11 топ студенттерінен тұратын "Алашорда" тобы ілікті. Ойынға белсенді қатысқан барша командалар дипломдармен марапатталды.