Перейти к содержимому страницы.

РЕСПУБЛИКА КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС

25.10.2024

2024 жылы 24 қазан күні Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі Республика күні мерекесіне арналған ашық дәріс өткізді. Іс-шараның мақсаты – білім алушы жастарға патриотизм мен рухани-адамгершілік тәрбиені насихаттау. Кездесуге тарих білім беру бағдарламасының магистранттары мен студенттері қатысты.

Іс-шараның спикері ретінде т.ғ.к. Қ.Қанафин дәріс оқып, Қазақстан Республикасының алғашқы декларациясының қабылдануы, Республика күні мерекесінің мақсаты мен маңызы туралы түсіндірді. Шараға «Тарих» БББ басшысы қауымдастырылған профессор Б.Н.Абдрахманов, қауымдастырылған профессор А.М.Садықова, З.Әйткенов, және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің ғылым жөніндегі вице-деканы, PhD А.К. Сүлейменова қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу тарихының негізгі тұстары, мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны қабылдау және оның Қазақстанның экономикалық, саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріндегі салдары айтылды.
Сол кездегі оқиғаларға баға беріліп, осы мерекені атап өтудің маңыздылығы мен қажеттілігі де талқыланды.