Перейти к содержимому страницы.

ЖӘНІБЕК ЖҮЛДЕМЕН КЕЛДІ

28.10.2024

Жуырда елордамыз - Астана қаласында белбеу күресінен Қазақстан чемпионаты өтті. Жарыс 23 жасқа дейінгі ерлер арасында өтіп, еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген спортшылар қатысты. Аталмыш үлкен жарысқа Марғұлан университетінің студенті Жәнібек Джаухаев қатысып, күміс жүлдеге ие болды. Жәнібек боз кілемде 62 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, өз мықтылығын сынға салды.

-Мен осы турнир барысында төрт рет белдестім, олар Абай, Атырау, Жамбыл облыстарының және Астана қаласының спортшылары болатын. Финалда Жамбыл облысының балуанына жол бердім. Алдағы уақытта Атырау қаласында Қазақстан Республикасының кубогы өтеді, сол жарыста есемді қайтарамын деп ойлаймын, - деді Жәнібек.

Жәнібек өткен жылы Қазақстан чемпионы атанған. Одан бөлек ересектер арасында қол медаль иегері. Жәнібектің жаттықтырушысы - Марғұлан университетінің оқытушысы Қайрат Баязитов. Университет намысын абыроймен қорғап жүрген спортшыларға алғыс білдіре отырып, сәттілік тілейміз.

Жәнібек Джаухаев Май ауданының тумасы, алғашқы жаттықтырушысы Ақылбек Қанағат.