Перейти к содержимому страницы.

ШЕТ ТІЛДЕР АПТАЛЫҒЫ: ШЕБЕРЛІК СЫНЫПТАРЫ, КОНКУРСТАР ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕЗДЕСУЛЕР ӨТТІ

16.10.2024

"Шет тілі: екі шет тілі" ББ-да шет тілдеріне арналған апталық өтті. Апта ішінде студенттердің шет тілдерін үйренуге деген ынтасын арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізілді. Аптаның ашылуы студенттердің неміс, ағылшын және қытай тілдерін меңгергенін көрсетуімен басталды. Ұстаздар мен вице-декан Гүлзина Тұрарқызы құттықтау сөз сөйледі. Екінші курс студенті Мадияр Тутенов жүргізген USG бағдарламасының тұсаукесері де көңілден шықты.

Апталық бағдарламасы шеңберінде оқытушылар Г.М. Туртулова мен А.Л.Шәкенова бірінші курс студенттері арасында "your own game" ойынын өткізді. Бұл ойын шет тілдерін үйренуге деген қызығушылықты арттыруға және алған білімдерін шыңдауға бағытталған.
- "Spelling Bee" байқауы, онда бірінші және екінші курс студенттері күрделі ағылшын сөздерін жазуда өз дағдыларын көрсетті. Байқауды оқытушылар Д.В. Пашканьян мен Ю.О. Камешева ұйымдастырды.Оқытушы Р.Э. Табынбаев өткізген қытай каллиграфиясы бойынша мастер-класста студенттер мен оқытушылар Қытай таңбаларын жазуда өз күштерін сынап көрді.
- Оқытушы Т.М.Төлегенов бірінші курс студенттері мен оқушыларына арнап "IQ games" зияткерлік ойынын өткізді.
- Торайғыров атындағы облыстық кітапханаға экскурсия жасалды. Онда студенттер "Американдық бұрыштың"жұмысымен танысты.

Аптаның жабылуында білім беру бағдарлама басшысы Әлия Садуқызы Жолдыбаева барлық қатысушыларды құттықтап, іс-шараның жеңімпаздары мен белсенді қатысушыларына грамоталар мен сертификаттар табыс етті.