Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

18.10.2024

Марғұлан университетінің студенттері С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетінде өтіп жатқан республикалық студенттік олимпиададан жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болып жатыр.

География пәні бойынша 22 команда қатысты. Соның ішінде Марғұлан университетінің география мамандығының студенттері екінші орынды еншіледі.

«Мектепке дейінгі білім беру және тәрбие» білім беру бағдарламасының студенттері болса үшінші орынды жеңіп алып, қоржынымызға тағы бір олжа салды.

"Орыс тілі мен әдебиеті" мамандығының студенттері командалық есепте үшінші орынға ие болса, бір студентіміз жеке есепте үшінші орынды еншіледі.

Осылайша Марғұлан университетінің студенттері республикалық пәндік олимпиаданы сәтті аяқтап жатыр. Біз дәл осындай білімді де білікті,дарынды да талантты студенттерімен мақтанамыз.