Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ МЕН ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫН ӨТКІЗДІ

18.10.2024

Марғұлан университеті Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің «Қазақ тілі және әдебиеті» білім беру бағдарламасының оқытушылары Ә.Бөкейхан атындағы орта мектепке барып, оқушылармен кездесті.

Іс-шара гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің және филология ғылымдарының кандидаты Қуаныш Ерғалиевтің басшылығымен өтті. Оған «Қазақ тілі және әдебиеті» білім беру бағдарламасының 3-4 курс студенттері де белсенді қатысты. Оқушыларға университетке түсу мүмкіндіктері, білім беру бағдарламалары, грант алу шарттары және өту балдары туралы егжей-тегжейлі айтылды. Болашақ педагогтарды қолдау мен дамытуға бағытталған "Mugalim Pavlodar" жобасына ерекше назар аударылды. Айта кету керек, кәсіптік бағдар беру жұмысына мектептерде тәжірибеден өтіп жүрген студенттер де қатысады, бұл оларға білімдерімен бөлісуге ғана емес, сонымен қатар өздерінің кәсіби дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.