Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ ЕСКЕК ЕСУДЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

13.10.2024

Марғұлан университетінің студенті Анастасия Кулинич ескек есуден ересектер арасындағы Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Жарыс 10-13 қазан аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтті. Әйелдер командасының құрамында өнер көрсеткен жерлесіміз алтын медаль үшін болған жарыста қарсыласқа есе жіберді. Дегенмен күміс медальдің өзі үлкен олжа. Чемпионатқа Өзбекстан, Қазақстан, Қытай, Вьетнам, Тайпей, Таиланд, Иран, Ирак, Жапония, Гонконг, Сауд Арабиясы және Кувейтті сынды 12 елдің ең мықты командалары қатысты. Бұл жетістік қазақстандық спортшылардың жоғары дайындықта барғанын көрсетті. Ел намысын абыроймен қорғап қайтқан жерлестерімізге алғыс білдіреміз.