Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСУЛЕРІ

18.10.2024

Осы аптада Мансап орталығының бітіруші топтармен кездесуі өтті, ол маңызды мәселе – грантты жұмыспен өтеуге арналған. Іс-шара мемлекеттік грант негізінде оқуды аяқтайтын студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін ұйымдастырылды және міндетті еңбек өтіліне байланысты шарттар мен талаптарды түсіндіруге бағытталған.

Кездесу барысында Мансап орталығының басшысы Байтанаева Майра Амангазиевна білім беру ұйымдарында міндетті жұмысқа орналасуға қатысты грантты өтеудін негізгі ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Сондай-ақ мемлекет алдындағы барлық заңды міндеттемелерді орындау бойынша ұсыныстар берілді.

Орталық мамандары грант шарттарының орындалуын растау үшін қажетті құжаттарды қалай дайындау керектігін түсіндірді. Іс-шара барысында түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Мансап орталығының өкілдерімен жеке жағдайларды талқылады. Кездесу нәтижелі өтті және түлектерге алдағы жұмыс кезеңдері туралы нақты түсінік берді.

Мансап орталығы түлектерге гранттық міндеттемелерді сәтті орындауға және кәсіби жолды бастауға көмектесу арқылы жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастырады.