Перейти к содержимому страницы.

MU КОМАНДАСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР ОЛИМПИАДАСЫНДА ІІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

16.10.2024

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университетінде "Болашақ табысы ұстаз-ұлт кепілі" атты республикалық пәндік олимпиада өтті. Жарысқа Марғұлан университеті бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі білім беру бағдарламасы студенттері де қатысты. Олимпиада қорытындысына сәйкес біздің команда 2-ші орынды иеленді.

Марапаттау рәсімі барысында орын алған студенттерімізге 50 000 теңге көлемінде ақшалай сертификатпен марапатталды. Олимпиаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен студенттер келіп, өз білімдерін көрсетті. Марғұлан университеті командасының бұл жеңісі біздің студенттердің жоғары дайындықпен барғанын көрсетті. Сонымен қатар, талантты да білімді жастардың оқу мен білімге деген ізденісі мен талпыныстарын көруге болады. Барша жүлдегерлерді құттықтаймыз.