Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ РЕСЕЙ АРХИВІНІҢ ҚҰЖАТТАРЫ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ САЯСИ ОҚИҒАЛАРДЫ ЗЕРТТЕУДЕ

15.10.2024

2024 жылғы 14 қазанда тарих ғылымдарының докторы, профессор Г.Е.Өтепова бастаған зерттеу тобы Ресей мемлекеттік тарихи мұрағатында (Санкт-Петербург қ.) жұмысын бастады. Зерттеу "Солтүстік-Шығыс Қазақстан аумағында Ресей империясының ресми саясатын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі Сібір комитетінің қызметі" жобалық тақырыбы шеңберінде жүргізіледі. Жұмыс барысында зерттеушілер қазақ даласында империялық саясатын жүргізген бірінші Сібір комитетінің қызметін көрсететін құжаттары бар №1264 қорды анықтады. Ғалымдар 1822 жылғы Жарғы нормаларын енгізуге, алғашқы сыртқы округтерді ашуға және жаңа тәртіпті қолдайтын адамдарды ынталандыруға байланысты материалдарды белсенді түрде зерттеп жатыр. Сонымен қатар, Батыс Сібір генерал-губернаторының есеп беру құжаттарына және басқа да маңызды мұрағат көздеріне талдау жасалады.