Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІ CONNECTED-2024 КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСАДЫ

17.10.2024

2024 жылғы 18-19 қазанда Марғұлан университетінің өкілдері - Басқарма төрағасы-ректор Жанбол Жилбаевтың басшылығымен Астанада өтетін CONNECTED-2024 халықаралық конференциясына қатысады.
Конференцияның алдында Марғұлан университеті Түркияның Тоқат Газиосманпаша университетімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойып, ғылым мен білім саласындағы бірлескен жобалардың негізін қалаған болатын. CONNECTED-2024 конференциясының негізгі тақырыптарының бірі - «Білім және болашақ ғылымы» болды. Оның шеңберінде жаһандық көшбасшылық үшін зияткерлік капиталды қалыптастыру мәселелері және ғылымды дамытудың жаңа модельдері талқыланады.