Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

25.07.2024

Ағымдағы жылдың 25 шілдесінде Марғұлан Университетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері Шерхан Қоқанов ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын және комплаенс-қызметінің міндеттерін түсіндірді

Семинарға университеттің Қаржы департаментінің қызметкерлері, оның ішінде бухгалтерлер мен ұйымда сатып алуды ұйымдастыру және өткізу бойынша шешімдер қабылдауға уәкілетті тұлғалар қатысты

Кездесу барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік түрлері, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының новеллалары, сондай-ақ 2022-2026 жылдарға арналған ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының негізгі аспектілері егжей-тегжейлі түсіндірілді. 

Сондай-ақ, спикер Марғұлан Университеті жоғары этикалық стандарттар мен ашық және адалдық қағидаттарын, корпоративтік мәдениетті жетілдірді, корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелерін енгізуді ерекше қолдайтынын атап өтті. 

Кездесу қорытындысы бойынша комплаенс-офицері қатысушыларға сыбайлас жемқорлықтың соңында қатаң жаза екенін ескертті.