Перейти к содержимому страницы.

2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН "ENDOWMENT QAZAQSTAN HALQYNA" КҚ БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫ

25.07.2024

Бағдарламаға сәйкес келесі санаттағы талапкерлер қатыса алады:

 1) ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардың балалары;

2) ата-анасы жоқ немесе кәмелетке толғанға дейін ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар;

3) мүмкіндігі шектеулі балалар ;

4) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар;

5) 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары ;

6) 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде жараланған балалар.

 Бағдарламаға қатысудың шекті жасы қоса алғанда 29 жас. Грант екінші жоғары білім алуға берілмейді.

 ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссияларының талапкерлерден өтінімдерді қабылдауы - 1-17 тамыз.

 Қорға ЖЖОКБҰ-ның конкурстық комиссияларының шешімдерін және барлық растайтын құжаттарды жіберу - 22 тамызға дейін

Қор Басқармасының гранттарды тағайындау жөніндегі отырысы - 6 қыркүйекте

«Қазақстан халқына» білім беру гранты иеленушілерінің  тізімін Қордың сайтында жария ету - 11 қыркүйек

Шарттарды жасасу: «Корпоративтік қор-ЖЖОКБҰ» - қыркүйек-қазан

Оқу гранттары мен стипендияларды төлеу - қыркүйек-қазан