Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ ҚЫЗЫЛОРДА ТҮЛЕКТЕРІН ҚАБЫЛДАУДА

18.07.2024

Марғұлан университеті өкілдерінің өзге облыстағы талапкерлерді “Серпін” бағдарламасы бойынша қабылдау жұмысы жалғасуда. Жастар саясаты жөніндегі департамент мамандары Дариға Жұматай мен Арайлым Сүндетова Қызылорда облысына барып, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде қабылдау жұмысын жүргізуде. Біздің оқу орынның қабылдау комиссиясы Қорқыт Ата университетінің 5 корпусында орналасқан. Мамандар онда талапкерлерге Марғұлан университеті жайлы ақпарат беру, құжаттарын тіркеу, гран конкурсына өтініштерді қабылдау рәсімдерін атқарады.
Еске сала кету керек, грант конкурсына өтініштерді қабылдау жұмысы 13-20 шілде аралығында жүргізіледі.

-Болашақ студенттерге «СЕРПІН - 2050» бағдарламасы туралы кеңес берілді. Қазіргі таңда талапкерлердің 90 пайызға жуығы өз шешімін қабылдап, ЖОО таңдады. Талапкерлер арасында ағылшын тілі, география-тарих пәні және бастауыш мұғалімдерін таңдаушылар көп, - дейді комиссия өкілдері.

Биыл «Серпін» бағдарламасының бастау алғанына 10 жыл толып отыр. Осы жылы Оңтүстік өңірлерден студенттерді оқытуға 3903 грант бөлінді. ЖОО-лар тегін білім алуға гранттардан бөлек, еліміздің оңтүстігінен келген талапкерлерді  жатақханамен қамтып, одан кейін жұмысқа орналасуын да қадағалайды.