Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ “БОЛАШАҚ” СТИПЕНДИЯСЫНЫҢ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

22.07.2024

Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі «Информатика» білім беру бағдарламасының педагог-сарапшысы Сайфурова Индира Орымбайқызы халықаралық «Болашақ» стипендиясының иегері атанды.

Енді әріптесіміз кәсіби білімін жетілдіруге АҚШ-қа барады. Онда Америкадағы ең үздік ЖОО бірі - Урбана-Шампейндегі Иллинойс университетінде бір жылдық тағылымдамадан өтеді. Шетелдік университетте ақпараттық жүйелер, бағдарламалау тілдері саласында мол тәжірибе жинақтауға, білімдерін жетілдіруге үлкен мүмкіндік бермек.
- Бұл менің білім мен тәжірибемді шыңдап, Марғұлан университетінің білім беру сапасын арттыруға үлкен мүмкіндік береді деп ойлаймын. Бұл әсіресе арнайы пәндерді оқытуды жоғары деңгейге жеткізуге көмек болады деп санаймын, - дейді Индира Орымбайқызы.

Индира Сайфурова - педагогика ғылымдарының магистрі. Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінде «Информатика» мамандығы бойынша аспирантура бітірген. Зерттеу тақырыбы: «Педагогикалық ЖОО студенттеріне бағдарламалауды оқыту әдістемесі».