Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС-ҚЫЗМЕТІ ӨЗ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

24.07.2024

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесі ұйымдардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың тиімді құралдарының бірі болып табылады, сонымен қатар ұзақ мерзімді жоспарлы енгізуді талап ететін күрделі және кешенді жоба.

Университетте ЖОО-ның жоғары этикалық стандарттар мен ашық және адал өзара іс-қимыл қағидаттарына бейілділігін, сондай-ақ корпоративтік мәдениетті жетілдіруге, корпоративтік басқарудың үздік тәжірибелерін ұстануға және іскерлік беделін тиісті деңгейде ұстап тұруға ұмтылысын көрсететін өзінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты әзірленді.

Сенімнің жоғары деңгейін ұстап тұру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу және жолын кесу мақсатында университетте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Комплаенс-қызметтің "жедел желісі" жаңартылды, оған 8 707 566 53 79 (Whatsapp қосымшасымен) нөмірі бойынша немесе 325 А кабинетіне (бас корпус) жүгінуге болады.

ЖОО-ның кез келген қызметкері, студенті, контрагенті немесе кез келген басқа адам өзіне ыңғайлы нысанда, оның ішінде құпиялылық не анонимдік шарттарында өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық көріністерінің, мүдделер қақтығысының, қызметкерлер тарапынан әдеп нормаларын бұзу мен дұрыс емес мінез-құлықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат ережелерін бұзудың фактілері туралы хабарлай алады.