Перейти к содержимому страницы.

МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТАЛАПКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУДА

15.07.2024

Марғұлан университетінің оқытушылары Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи университетіне барып, “Серпін” бағдарламасы бойынша талапкерлерді қабылдауды бастады. Атап айтар болсақ, педагогика жоғары мектебінің вице-деканы Арай Рахимжанова, жаратылыстану жоғары мектебінің оқытушысы Баян Баймурзиналар «Серпін» бағдарламасына қатысатын жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясында жұмыс істеп жатыр. Түркістанға еліміздің солтүстік, шығыс және батыс өңірлерінен 10-нан астам университет өкілдері барған. Енді олар 20 шілдеге дейін болады.

- Біз Түркістан қаласындағы Ясауи университетінде “Серпін” бағдарламасы бойынша талапкерлерді қабылдауды бастадық. Атап айтқанда, университет жайлы ақпарат беру, жоғары оқу орынымыздың мүмкіндіктерін таныстыру, өтініштерді қабылдау және тіркеу жұмыстарын жүргізудеміз. Біздің университетке оңтүстіктен келіп оқуға түскен студенттер бар. Солар да көмектерін көрсетіп жатыр. Жалпы, түркістандықтар Марғұлан университеті туралы жақсы біледі және жақсы жетістіктері арқылы таныған, - дейді Арай Рахимжанова.

Сонымен қатар, біздің университет қызметкерлері әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирге шығып, талапкерлердің сұрағына жауап беруде.

Бүгін Ахмет Ясауи университетінің ректоры Жанар Темірбекова өзге өңірлердің ЖОО өкілдерімен кездесіп, жұмыстарына сәттілік тілеп, ұйымдастыру жұмыстарына толық қолдау көрсететінін жеткізді.