Перейти к содержимому страницы.

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ТІРКЕУШІ КЕҢСЕЛЕРІНІҢ VIII КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

08.10.2024

3-4 қазанда Назарбаев Университетінің базасында тіркеуші кеңселерінің VIII кездесуі өтті. Іс-шараға Қазақстанның жоғары оқу орындарының өкілдері мен шетелдік қонақтар қатысты. Кездесуге Марғұлан университетінен оқу-әдістемелік бөлімінің басшысы Л.Н.Ахметова, Мансап орталығының басшысы М.А.Байтанаева, Тіркеуші кеңсесінің басшысы Г.Б.Сәкенова және цифрландыру орталығының директоры М.М.Рахимбаев барды.

Іс-шараның негізгі мақсаты академиялық жұмысты ұйымдастыру мәселелерін талқылау, сондай-ақ әріптестер арасында тәжірибе алмасу болды. Екі күндік бағдарлама аясында үш тілде панельдік және параллель сессиялар өткізілді. Қатысушылар жоғары оқу орындары үшін өзекті тақырыптарды талқылады.

Шетелдік қатысушылардың ішінен Өзбекстан университетінің өкілі Ребекка Картер мен Орталық Азия университетінің өкілі (Қырғызстан) Серік Мырзаевтың баяндамасы ерекше қызығушылық тудырды.

Сессия спикерлерінің қатарында «Қаржы орталығының», медициналық сақтандыру қорының (МӘМС), EPVO, Platonus ЖШС өкілдері болды. Сондай-ақ, Назарбаев Университеті мен SDU University және Қазақстанның түрлі жоғары оқу орындарының өкілдері болды. Кездесу соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.