МАРҒҰЛАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ БОЛГАРИЯДА ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТТІ
02.10.2024
Марғұлан университетінің оқытушылары Дүзелбаева Айтолқын және Бейсенова Салтанат 22-29 қыркүйек аралығында Ангел Канчев Атындағы Русен университетінде (Болгария) «Psychological and pedagogical support for children with disabilities in an inclusive environment» тақырыбында ғылыми тағылымдамадан өтті. Оған біздің жас ғалымдар "Инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу үшін арнайы педагогтарды даярлау" зерттеу жобасы аясында қатысты.
Русен университетінде тағылымдамадан өту кезінде оқытушылар Болгариядағы инклюзивті білім беру саласымен, мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу әдістерімен танысты. Сонымен қатар, ата-аналармен жұмыс істеу және педагогикалық ұжыммен өзара іс-қимыл тәжірибесімен танысып, бірқатар практикалық шараларға қатысты.
Сондай-ақ, тәжірибе алмасу және зерттеу мақсатында оқытушылар "Леонардо да Винчи" мектебіне және мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге көмек көрсететін "Caritas" қайырымдылық ұйымына барды. Тағылымдама аяқталғаннан кейін барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар берілді.