Перейти к содержимому страницы.

ДРЕЗДЕН ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ЖАЗҒЫ МЕКТЕП» АЯСЫНДА КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

08.10.2024

Жақында Дрезден техникалық университетінде (Германия) «Жазғы мектеп» аясында ғылыми-практикалық конференция өтті. Аталмыш игі шараға Индонезия, Германия, Израиль, Мозамбик, Уганда, Өзбекстан және Қазақстан сынды бірқатар мемлекеттің өкілдері қатысты. Конференция барысында әр елдің қатысушылары білім саласына қатысты әлемге ортақ өзекті мәселелерді талқылап, өз ұсыныстырын айта білді. Қазақстаннан бұл шараға Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті «Информатика» білім беру бағдарламасының басшысы Раушан Аманжоловна Ельтинова және «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Айгүл Болатқызы Ахметова спикер ретінде қатысты. Нәтижесінде, осындай халықаралық ынтымақтастағы ғылыми қарым-қатынастар зерттеу саласын одан әрі нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз.

- Халықаралық деңгейдегі конференцияға бірнеше мемлекеттің өкілдері жиналып, білім беру саласының өзекті мәселелерін талқыладық. Атап айтар болсам, жоғары білім саласында оқыту, инклюзия, цифрландыру және басқа да тақырыптар кеңінен талқыланып, ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Енді алдағы уақытта осы көтерілген мәселелер бойынша жұмыс жүргізіледі, - дейді Айгүл Ахметова.