Перейти к содержимому страницы.

ЖОҒАРЫ МЕКТЕП ОҚЫТУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РИТОРИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТТІ

26.04.2024

Гуманитарлық ғылымдар мектебінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Нұркен Күзембав әріптестеріне «Шешендік өнердің негізі» тақырыбында семинар-практикумын өткізді.

Өздеріңіз билетіндей, шешендік өнер – кез келген саладағы маман үшін қажетті дағы. Әсіресе ұстаздар қауымы үшін әдемі, сауатты сөйлеу және сол арқылы студенттердің пәнге деген зейінін ашып, қызығушылығын арттыру ерекше маңызды.

Осының барлығы шеберлік сабақ барысында талқыланып,жан-жақты ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, вербальды және вербальды емес коммуникация саласы да талқыланды.
– Мен студенттерді жұртшылық және аудитория алдында әдемі сөйлеуге үйретуге тырысамын. Сонда олар тек доклад беріп қана қоймай, конференциялар мен түрлі танымдық іс-шараларда өз жұмыстарын көпшілік алдында ұсынып, педагогикалық тәжірибеге дайындала бастайды,-деді Нұркен Күзембаев.

Шеберлік сыныпқа қатысушылар алған пайдалы ақпараты үшін әріптестеріне алғыстарын білдірді. Сондай-ақ олар, жаппай ашық онлайн курстар зірлеу кезінде бервальды емес коммуникацияларды ескеру қажет екенін атап өтті.

Болашақ мұғалімдерді тақырыпқа қызықтыру үшін слайдтардың көрнекілігін безендіруге де көңіл бөлу маңызды. Қорыта айтқанда, оқу-тәрбие үрдісінде мұғалім мен студенттің өзара жемісті қарым-қатынасында педагогикалық шешендік өнер басты рөл атқаратыны айтылды.