Перейти к содержимому страницы.

"СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢАШЫЛДЫҒЫ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ" ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТТІ

23.04.2024

Биология ғылымдарының кандидаты, жаратылыстану ғылымының доценті Қабиева Салтанат Жұмабайқызы «Студенттердің жаңашылдығы мен шығармашылығын дамыту (тәжірибе алмасу)» тақырыбында әріптестеріне шеберлік сабағын өткізіп, ұстаздық жолындағы тәжірибесімен бөлісті.
Шеберлік сыныбы қатысушылар үшін өте пайдалы болды. Яғни, оқытушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, жаңашыл идеяларын жүзеге асыру және тақырыпқа деген қызығушылықтарын көрсетуге бағытталып жасалды. Жұмыс барысында мұғалім әртүрлі білім беру технологияларын қолдана отырып, оқытудың жаңа әрі тиімді мүмкіндіктерін ұсынды. Мысалы оқытудағы ойын әдістерін, STEM элементтерін, дискуссиялық тәсілдерін, фрирайтинг және т.б. тәсілдерін көрсетті.
Әріптестерге қатысушылардың ақпаратты қабылдау тәсіліне байланысты жеке мүмкіндіктерін ескере отырып орындауға әртүрлі тапсырмалар ұсынылды, мұнда олардың шығармашылық қабілеттері мен креативті ойлауы толық ашылды.
Жұмыс барысында әріптестер арасында жақсы қарым-қатынас орнап, кездесу барлығына жағымды әсер қалдырды деуге болады.
Салтанат Жұмабайқызының осы жолғы шеберлік сабағы нәтижелі болды. Оны әріптестердің жағымды пікірі мен жылы лебізінен аңғаруға болады. Бұл әдістемелер әріптестерге алдағы жұмыстарына оң өзгеріс әкеледі деп сенеміз.