Перейти к содержимому страницы.

ПРОФЕССОРДЫҢ ОНЛАЙН ДӘРІСІ ӨТТІ

19.04.2024

 Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде ғылым айы аясында Педагогика жоғары мектебінің қауымдастырылған профессоры Б.А. Матаев жас оқытушылар мен магистранттарға «Ғылыми зерттеулер әдіснамасы» тақырыбында онлайн-дәріс өткізді. Дәріске психология ғылымдарының докторы, профессор Ерментаева Ардақ Ризабекқызы қатысты. Профессор онлайн сабақ барысында заманауи ғылыми зерттеулердің құрылымы, ғылыми-метриялық базалардағы жұмыстардың ерекшеліктері, цифрлық ресурстарды пайдаланудың тиімділігі туралы мәсеелерге тоқталды. Әрине, ғалымның берген білімін, қамтыған тақырыбын бір сөзбен жеткізу мүмкін емес.

-Жалпы, студенттер үшін өте пайдалы болды деуге болады. Жас зерттеушілер белсенді қатысып, толғандырған сұрақтар қойды, бұл өз кезегінде қызу пікірталасқа ұласты. Студенттерге осындай пайдалы мағлұматтармен бөліскені үшін Ардақ Ризабекқызына шексіз алғысымызды білдіреміз, - деді Берік Матаев.