Перейти к содержимому страницы.

ЖАСТАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ "БІЛІМ ЖӘРМЕҢКЕСІНЕ" ҚАТЫСТЫ

18.04.2024

Қарағанды облысында мектеп және колледж түлектері үшін "Білім жәрмеңкесі" ұйымдастырылып, оған Марғұлан университетінің жастар саясаты жөніндегі департаменті қызметкерлері Жүсіп Бағдатжан мен Сабыр Нұрсұлтан қатысты.
Іс – шарасының мақсаты - талапкерлерді жоғары оқу орындарының оқу бағдарламасымен таныстыру.

– Жәрмеңкеге биыл мектеп бітіретін талапкерлер көптеп жиналды. Қатысушыларға Марғұлан университеті туралы ақпарат бердік. Олардың арасында біздің университет туралы мәліметтер алу үшін арнайы келгендері көп болды. Біз түлектердің барлық сұрақтарына жауап беруге тырыстық, - деді Жүсіп Бағдатжан.