Перейти к содержимому страницы.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТАР МЕН МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯЛАРДЫ АЛДЫН АЛА ҚОРҒАУ

19.04.2024

"Педагогика және психология" білім беру бағдарламасында оқуды аяқтап жатқан топтарда дипломдық жұмыстар мен  магистрлік диссертациялары алдын ала қорғау отырысы өтті. Ұсынылған жұмыстардың тақырыптары педагогика және психология саласындағы өзекті мәселелерді кең ауқымды түрде қамтыған. Алдын ала қорғау отырысы барысында тақырыптарға қатысты қызу пікір-талас болды. Отырысқа қатысушылар зерттеу тақырыбы бойынша сұрақтар қойды, студенттер мен магистранттар өз кезегінде қойылған сұрақтарға сауатты жауап берді. Жұмыстарды жазу, орындау барысында алынған ғылыми таным нәтижелерін де ұсынды. Қатысушылар әр жұмысты талқылай отырып, сын пікірлерін, ескертулерін айтты. Сондай-ақ, ғылыми-зерттеу жұмыстарын одан әрі жетілдіру үшін практикалық ұсыныстар берді.